28.06.2017, 17:01 4004

Қызылордада "Қанатты қалам" журналистер форумы өтті

Қазіргі таӊда облыстыӊ медиа кеӊістігінде 90-нан аса бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Бұл салада 2 мыӊнан астам адам еӊбек етеді.

Қызылорда. 28 маусым. Kazakhstan Today - 26 маусым күні Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ қатысуымен "Қанатты қалам" журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.

- Байланыс және ақпарат саласын үнемі назарда ұстап, маӊыздылығын ескеріп және қолдап отыратын Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев "Барлық бұқаралық ақпарат құралдары меншік формасына қарамастан, өз халқыныӊ мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс" - деген болатын. Себебі журналистер - мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардыӊ мәнін қалыӊ бұқараға жеткізіп, Елбасымыздыӊ сарабдал саясатын насихаттап, халық ішіндегі өзекті мәселелерді талдап, билік назарына ұсыну миссиясын мойнына алған құрметті де күрделі кәсіп иелері,- деді облыс әкімі.

Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап, саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.

Қазіргі таӊда облыстыӊ медиа кеӊістігінде 90-нан аса бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Бұл салада 2 мыӊнан астам адам еӊбек етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны