14.09.2017, 16:33 3951

Қызылордада "Қауіпсіз жол" шарасы барысында 14 қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шараныӊ 2 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудыӊ барлығы 821 дерегі тіркелді.

Қызылорда. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 12-16 күндері аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерініӊ алдын алу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Шараныӊ 2 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудыӊ барлығы 821 дерегі тіркелді.

Оныӊ ішінде, көлік құралын мас күйінде басқару бойынша (ҚР ИҚБтК-ніӊ 608-бабы бойынша) - 18, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану бойынша (ҚР ИҚБтК-ніӊ 591-бабы) - 135, белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша (ҚР ИҚБтК-ніӊ 592-бабы) - 109, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша (ҚР ИҚБтК-ніӊ 593-бабы, 1-бөлігі) - 283, маневр жасау қағидаларын бұзу бойынша (ҚР ИҚБтК-ніӊ 595-бабы) - 25, жүргіншілерге немесе жол жүрісініӊ өзге де қатысушыларыныӊ жүруіне басымдық бермеу бойынша (ҚР ИҚБтК-ніӊ 600-бабы) - 10, басқару құқығы жоқ адамныӊ көлік құралын басқаруы бойынша (ҚР ИҚБтК-ніӊ 612-бабы, 1-бөлігі) - 43, жаяу жүргіншілердіӊ жол қозғалысы ережесін бұзуы бойынша (ҚР ИҚБтК-ніӊ 615-бабы) - 26 құқық бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, шара барысында жол жүрісі ережесін бұзған 14 қоғамдық автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлығы 65 автокөлік айып алаӊына жеткізілді,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны