28.08.2017, 16:58 6370

Қызылордада Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Орталықтыӊ ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев, Бас Прокурордыӊ аға көмекшісі С.Сүлеймен және облыс прокуроры Х.Дәуешов қатысып, құттықтау сөздерін сөйледі.

Қызылорда. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ жүзінші қадамын орындау барысында Қызылорда облысында азаматтардыӊ өтініштерін қарау жұмысын жаӊа әрі сапалы деӊгейге көтеру үшін Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды.

Орталықтыӊ ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев, Бас Прокурордыӊ аға көмекшісі С.Сүлеймен және облыс прокуроры Х.Дәуешов қатысып, құттықтау сөздерін сөйледі.

Орталықтыӊ басты мақсаты - азаматтарды жедел, айқын түрде құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Онда бір топ кәсіби мамандар (прокурор, адвокат, медиатор мен әкімдік өкілдері) тегін көпсалалы құқықтық көмек көрсететін болады.

Заманауи орталық толықтай электронды жүйемен жабдықталып, "бір терезе" қағидатына негізделген.

Қызылорда облысыныӊ прокуроры Халидулла Дәуешов орталықтыӊ заманауи техникалық құралдармен жабдықталған, әсіресе, еӊ алдымен, келушілерге ыӊғайлы жағдай жасалып, кешенді сервис көрсетіледі. Көмекке жүгінген азаматтардыӊ проблемалары алқалы түрде шешілетінін атап өтті.

Осы мақсатта орталықта прокурорлармен қатар басқа да органдардыӊ өкілдері қызмет етеді,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны