06.06.2017, 16:33 3998

Қызылордада "Мерейлі отбасы" байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды

5 маусым күні Қызылорда облысында "Мерейлі отбасы" байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - 5 маусым күні Қызылорда облысында "Мерейлі отбасы" байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Сонымен, Шиелі ауданыныӊ тұрғындары Исламхановтар әулеті байқаудыӊ жеӊімпазы атанды. Отағасы Ирібжан Исламханов тыл ардагері және еӊбек ері, жары - Назым Қалменова "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаӊырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.

Ал,бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаӊақорған ауданынан Арыновтар отбасы "Ұлағатты отбасы" номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы "Өнерлі отбасы" номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы "Қамқорлық" номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті "Отбасылық үйлесім" номинациясымен марапатталды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев байқаудыӊ барлық қатысушыларын құттықтады.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ бастамасымен қолға алынып, бүгінде ұлттық мәртебеге ие болған "Мерейлі отбасы" байқауы отбасы құндылықтары мен қазақ үшін қашанда киелі саналатын бір шаӊырақ астында берекелі өмір сүрудіӊ маӊыздылығын насихаттауда орны ерекше, тағылымды шараныӊ біріне айналып отыр. Аймағымызда төртінші рет өткізіліп отырған бұл мерейлі шараға қатысуға ниет білдірушілер жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады. Биыл байқауға облысымыздыӊ барлық өӊірінен 337 отбасы қатысты. Бұл отбасылардыӊ барлығы да керемет, нағыз жеӊімпаз отбасылар, - деді аймақ басшысы.

Байқау жеӊімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны