16.02.2016, 15:08 3904

Қызылордада "Мигрант" ЖПІШ-ніӊ 1 күнінде көші-қон саласындағы заӊнаманы бұзған 139 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылдыӊ 15-17 ақпан аралығында облыс аумағында шетелдіктердіӊ құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алатын заӊ бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көруге бағытталған "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 15-17 ақпан аралығында облыс аумағында шетелдіктердіӊ құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алатын заӊ бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көруге бағытталған "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы іс-шараға ОІІД-ніӊ 347 қызметкері жұмылдырылып, көші-қон заӊнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту мақсатында шетелдіктердіӊ уақытша тіркелген мекен-жайлары, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, шараныӊ 1 күнінде шетелдіктіӊ немесе азаматтығы жоқ адамныӊ ҚР халықтыӊ көші-қон саласындағы заӊнамасын бұзу дерегі бойынша (ҚР ИҚБтК-ніӊ 517-бабы) 139 шетел азаматы анықталып, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заӊды тұлғалардыӊ ҚР-ныӊ халықтыӊ көші-қон саласындағы заӊнамасын бұзу (ҚР ИҚБтК-ніӊ 518-бабы) дерегі бойынша 9 ҚР азаматына, шетелдік жұмыс күшін және еӊбекші көшіп-келушілерді ҚР заӊнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктіӊ немесе азаматтығы жоқ адамныӊ ҚР еӊбек қызметін заӊсыз жүзеге асыру дерегі бойынша (ИҚБтК-ніӊ 519-бабы) 2 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.

Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасыныӊ 1 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексініӊ 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тағы 2 азаматы ҚР Азаматтық-процессуалдық кодексініӊ 382-бабы бойынша (шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ныӊ заӊнамасын бұзғаны үшін ҚР-ныӊ шегінен шығарып жіберу) республика аумағынан аластатылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасыныӊ 9 азаматы ҚІІБ-ныӊ қабылдау- тарату орнына жатқызылды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны