07.06.2017, 16:15 4067

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі әйелдерді оқыту жобасы өтті

Жобаға қатыстыру мақсатында кәсіпкер атанып отырған мүгедектігі бар әйелдер шақыртылды. Мысалы, Бибайша Юсупованыӊ кәсіпкерлік қызметпен айналысқанына 10 жылға жуықтаған. Оқу барысында ол қатысушыларға өзініӊ бизнес жүргізу тәжірибесін айта отырып, өз ісін сәтті бастау бойынша нұсқаулық кеӊесін ұсынды.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Қызылордада "Даму" қоры және "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы" ҚБ бірлескен жобасы аясында оқу курсы аяқталды. "Мүмкіндігі шектеулі әйелдердіӊ кәсіпкерлік қабілетін дамыту" жобасы шектеулі мүмкіндіктіӊ әлеуметтік моделіне негізделген жаӊа заманғы мүгедектік түсініктемесін қалыптастыру, өзіне сенімділікті арттыру, өзіндік оқшаулану мен масылдықтан арылту және мүмкіндігі шектеулі әйелдердіӊ өзгеге тәуелді болмауын үйрету және ұжымда көшбасшы болуға машықтандыру мақсатына бағытталған. Оқыту курсы аясында қатысушылар тиімді коммуникация тәсілдері мен өзін-өзі таныстыру және өз бизнес-жобасына таныстырылым жасай білуді үйренді.

Ағымдағы жылы "Мүмкіндігі шектеулі әйелдердіӊ кәсіпкерлік қабілетін дамыту" жобасы аясында "Шырақ" ҚБ республиканыӊ 16 аумағынан жобаныӊ қатысушылары атанғандардан аймақтық тренерлер құрамын жасақтады.

Жобаға қатыстыру мақсатында кәсіпкер атанып отырған мүгедектігі бар әйелдер шақыртылды. Мысалы, Бибайша Юсупованыӊ кәсіпкерлік қызметпен айналысқанына 10 жылға жуықтаған. Оқу барысында ол қатысушыларға өзініӊ бизнес жүргізу тәжірибесін айта отырып, өз ісін сәтті бастау бойынша нұсқаулық кеӊесін ұсынды.

- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру қашанда өзекті мәселе екені рас. Өзімізді тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін біз бизнестіӊ қиын жолын меӊгеруді қолға алып, түрлі кедергілерге жолығамыз. Бүгінде мен аяққа нық тұрып, нарықта өз орным бар қалыптасқан кәсіпкермін, алайда бизнесті дамыту үшін өз мүмкіндіктерімніӊ өрісін кеӊейту қажет және сондықтан да осы бірегей жобаға қатысып отырмын. Мұнда мен тек қажетті ақпарат пен бизнес машықтарына сусынумен қатар, мүгедектігі бар бастауыш кәсіпкерлерге тәлімгер де болдым, - деді Бибайша Юсупова.

Оқуға қатысушы тағы бір кәсіпкер Тамара Ақмағамбетова әйелдерге бірігіп, ортақ бизнес құруды ұсынды. Оныӊ сөзінше, үнемі мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ мәселелерін талқылай беру қажетті нәтиже әкелмейді, оныӊ орнына қиындықтармен бірігіп күресе отырып, өзіӊді жұмыспен қамту керек.

"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және "Шырақ" ҚБ бүкіл Қазақстан бойынша әртүрлі деӊгейдегі мүгедектігі бар 180 әйелді оқытуды жоспарлап отыр, одан соӊ 90 әйел кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, call центр операторы және кеӊсе менеджері, тігіншілік пен массаж маманы, аспаздық іс және бизнес жоспар құрудыӊ негіздері мен шаштараз шебері секілді бағыттар бойынша қайта даярлау курстарына жіберіледі. Арнайы курстан өткен жоба қатысушылары жұмысқа тұруға немесе өз ісін бастауға мүмкіндік алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны