28.03.2017, 19:08 4906

Қызылордада Мұстафа Шоқай ескерткіші орнатылды

Алдымен Рахымжан Отарбаевтыӊ "Мұстафа Шоқай" спектаклінен үзінді қойылды. Мұнан соӊ Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын ескерткіштіӊ ашылуымен құттықтады.

Қызылорда. 28 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылордада 2017 жылғы 28 наурызда Алаштыӊ және Түркі әлемініӊ ардақтысы Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштіӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті,-деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Алдымен Рахымжан Отарбаевтыӊ "Мұстафа Шоқай" спектаклінен үзінді қойылды. Мұнан соӊ Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын ескерткіштіӊ ашылуымен құттықтады.

- Мұстафа Шоқай - кез-келген ірі тарихи құбылыс секілді біржақты сипаттауға болмайтын, үйреншікті қалыпқа салуға келмейтін тұлға. Ол сол замандағы аса күрделі ғаламдық тарихи процесстіӊ бел ортасында, эпицентрінде жүріп, Түркі әлемініӊ, өз ұлтыныӊ мүддесін қорғауға тырысты. Сондықтан да, Мұстафа Шоқай ақ пен қызылға немесе қоӊырға жақ, я қарсы болды деген қарабайыр түсінікке сыймайды.

Ол өзініӊ бүкіл ғұмырын, күллі қажыр-қайраты мен ақыл-ойын туған халқыныӊ, түбі бір тұтас түркі жұртыныӊ бірігіп өркендеуіне арнады,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, салтанатты шараға ҚР ҰҒА академигі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетініӊ профессоры Досмұхамбет Кішібеков, Қазақ гуманитарлық заӊ университетініӊ профессоры Ибдіжәлел Бәкір, ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаты Мұрат Бақтиярұлы қатысты. Мұнан соӊ салтанатты түрде ескерткіш жамылғысы түсіріліп, гүл шоқтары қойылды.

Ескерткіш Қазақстан Суретшілер одағыныӊ мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиевтіӊ қоладан жасаған туындысы. Гранитті тұғырын қоса есептегенде ескерткіштіӊ жалпы биіктігі - 12 метр.

Осы күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде "Алаш" қозғалысыныӊ 100 жылдығына арналған "Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оған Қазақстан, Түркия және Өзбекстаннан Алаш қайраткерлерініӊ мұраларын зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген белгілі тарихшы ғалымдар қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны