20.05.2015, 17:07 3838

Қызылордада рейд барысында жаяу жүргіншілерге жол бермеген автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік шара көрілді

Рейд барысында ҚР ИҚБтК-ніӊ 600-бабы бойынша жаяу жүргiншiлердіӊ немесе жол жүрiсiнiӊ өзге де қатысушыларыныӊ жүруiне басымдық бермегені үшін 7 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Қызылорда. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Республика көлемінде өткізіліп жатырған "Назар аударыӊыз, жаяу жүргінші" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, автокөлік жүргізушілерініӊ жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерініӊ алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыру мақсатында, 2015 жылдыӊ мамыр айыныӊ 19 күні облыс орталығында әкімшілік полиция басқармасыныӊ жол патрульдік полиция рота инспекторлары мен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Рейд барысында ҚР ИҚБтК-ніӊ 600-бабы бойынша жаяу жүргiншiлердіӊ немесе жол жүрiсiнiӊ өзге де қатысушыларыныӊ жүруiне басымдық бермегені үшін 7 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Мәселен, кешкі сағат 19:30-да қала орталығындағы Қазыбек би-Қазантаев көшелерініӊ қиылысында жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін "Газель" маркалы қоғамдық автокөлігі тоқтатылды. Газельдіӊ жүргізушісіне ҚР ИҚБтК-ніӊ 600-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, алдағы уақытта жол қозғалысы ережелерін сақтап, жол қозғалысына қатысушыларын сыйлау керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ал, дәл осы күні сағат 20:31-де Қазыбек би-Қазантаев көшелерініӊ қиылысында "Фольксваген Пассат" маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін тоқтатылып, жүргізушісіне қатысты ҚР ИҚБтК-ніӊ 600-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны