20.04.2017, 15:11 4900

Қызылордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердіӊ "Есірткісіз әлем" атты халықаралық акциясы өткізілді

2016 жылы маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердіӊ басшылары отырысы кезінде Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ бастамасына сәйкес Ішкі істер министрлігі ұйымныӊ барлық мемлекеттері қатысатын "Есірткісіз әлем" атты халықаралық акциясын өткізуді жоспарлаған болатын. Аталған акция республикамыздыӊ барлық облыстарында өткізілуде.

Қызылорда. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада АсқарТоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қаладағы білім беру ұйымдарыныӊ оқушылары мен студенттерін қатысқан кеӊ көлемді акция болып өтті. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылы маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердіӊ басшылары отырысы кезінде Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ бастамасына сәйкес Ішкі істер министрлігі ұйымныӊ барлық мемлекеттері қатысатын "Есірткісіз әлем" атты халықаралық акциясын өткізуді жоспарлаған болатын. Аталған акция республикамыздыӊ барлық облыстарында өткізілуде.

Шараныӊ негізгі мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтыӊ алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жастарға оӊ үлгі көрсетуді мақсат еткен шараға депутаттар, спортшылар, дәрігерлер, әртістер, әншілер қатысып, жастарға ақыл-кеӊестерін айтып, үндеу жолдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны