27.06.2018, 15:32 5453

Қызылордада "Шартты түрде" республикалық профилактикалық шарасы жүргізілуде

Профилактикалық шараға Пробация қызметініӊ қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарыныӊ басқа да құзырлы қызмет салалары жұмылдырылды.

Қызылорда. 27 маусым. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ-ніӊ бастамасымен Қызылорда облысы аумағында 18-28 маусым аралығында "Шартты түрде" республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шараныӊ басты мақсаты - пробация қызметініӊ есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу.

Профилактикалық шараға Пробация қызметініӊ қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарыныӊ басқа да құзырлы қызмет салалары жұмылдырылды.

Шара барысында пробация қызметініӊ инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Шара ағымдағы жылдыӊ 28 маусымына дейін жалғаспақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны