20.09.2017, 16:33 4029

Қызылордада жаӊа музейдіӊ құрылысы жүргізілуде

Музейдіӊ жоба-сметалық құжатына 7,7 млн теӊге, ал құрылыс-монтаж жұмыстарына 105 млн теӊге бөлінді. Жылдыӊ аяғына дейін тапсырылады деп жоспарлап отырмыз, - дейді облыстық құрылыс, сәулет басқармасы басшысыныӊ орынбасары Сұлтанбай Қонарбаев.

Қызылорда. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордада жаӊа музейдіӊ кірпіші қаланды. Сырдарияныӊ сол жағалауына сән беретін кешен 1925-ші жылы қырғыз-қайсақ атауынан құтылып, қазақ деп атау туралы шешім шыққан орталық атқару комитеті ғимаратыныӊ негізінде салынып жатыр.

Сәулетті ғимаратта "Рухани жаӊғыру орталығы" жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ аймақ зиялыларыныӊ бас қосып, ұлттық құндылықтар мен ел тарихын әспеттеу тұрғысындағы келелі кездесулер өткізетін алаӊға айналмақ. Музей жанынан жастар орталығыныӊ да іргетасы қаланды. Одан бөлек сол жағалаудағы жаӊа шаһарда 18 көпқабатты тұрғын үй мен балабақша салынып жатыр.

- Жастар орталығыныӊ жоба-сметалық құжатына мұнай компаниялары есебінен 30 млн теӊге ақша бөлінді. Ол жасалып, осы айдыӊ аяғына дейін беріледі. Музейдіӊ жоба-сметалық құжатына 7,7 млн теӊге, ал құрылыс-монтаж жұмыстарына 105 млн теӊге бөлінді. Жылдыӊ аяғына дейін тапсырылады деп жоспарлап отырмыз, - дейді облыстық құрылыс, сәулет басқармасы басшысыныӊ орынбасары Сұлтанбай Қонарбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны