17.12.2018, 14:58 5760

Қызылордада жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалаған полиция қызметкері сотты болды

Нақтыласақ, криминалды полиция бөлімініӊ жедел уәкілі бұрын сотты болған Е.-ні ақталмайтын негіз бойынша қысқартауға жататын екі ұрлық жасады дегенге көндіріп, осылайша қылмыстыӊ ашылуыныӊ жалған тиімділігін көрсеткен.

Қызылорда. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылордада жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалаған полиция қызметкері сотты болды.

Қармақшы аудандық прокуратурасы полиция қызметкерініӊ ведомстволық көрсеткіштерді жақсарту үшін жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалау дерегін анықтады.

Нақтыласақ, криминалды полиция бөлімініӊ жедел уәкілі бұрын сотты болған Е.-ні ақталмайтын негіз бойынша қысқартауға жататын екі ұрлық жасады дегенге көндіріп, осылайша қылмыстыӊ ашылуыныӊ жалған тиімділігін көрсеткен.

Жалған куәгердіӊ көрсетімі бойынша полиция қызметкері осы айла-шарғыға қатысқаны үшін сыйақы уәде еткен.

Бұдан бұрын аз.Е. бөтен мүлікті ұрлағаны үшін 26 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тараптардыӊ татуласуымен іс қысқарған.

Соттыӊ үкімімен ҚК-тіӊ 416-бабы 3-бөлімімен жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалағаны үшін бұрынғы полиция қызметкері екі жылға бас бостандығынан шектелді.

Үкім заӊды күшіне енді, деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны