24.08.2015, 10:20 3634

Қызылордада жыл басынан бері көлікті мас күйінде басқарған 943 азамат жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен көлікті мас күйінде басқарған 875 адам әкімшілік жауапкершілікке (Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 608-бабы) және сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып мас күйінде көлік жүргізген 68 азамат қылмыстық жауапкершілікке (Қылмыстық кодексініӊ 346-бабы) тартылды. 68 қылмыстық істіӊ 59-ы - сотқа жолданса, 9-ы - өндірісте

Қызылорда. 24 Тамыз. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен көлікті мас күйінде басқарған 875 адам әкімшілік жауапкершілікке (Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 608-бабы) және сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып мас күйінде көлік жүргізген 68 азамат қылмыстық жауапкершілікке (Қылмыстық кодексініӊ 346-бабы) тартылды. 68 қылмыстық істіӊ 59-ы - сотқа жолданса, 9-ы - өндірісте, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәселен, ағымдағы жылдыӊ 12 тамызында сағат 23.00 шамасында "Мерседес-Бенц" маркалы автокөлігі Арал ауданы, орталық теміржол өткеліне жетпей, жолдыӊ қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, "УАЗ" маркалы автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. "Мерседес-Бенц" маркалы автокөлік жүргізушісі медициналық тексеріске жіберіліп, қорытындысы бойынша "орта дәрежелі" алкогольдік ішімдік ішкендігі анықталды. Тексеріс барысында, аталған жүргізушініӊ 2014 жылдыӊ 24 желтоқсанынан бастап көлік құралын жүргізу құқығынан айрылғандығы белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексініӊ 346-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізуде.

Дәл осындай дерек Жалағаш ауданында да орын алған. Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесі бойында қызмет атқарып жатырған жол-патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған "ВАЗ-290511141" маркалы автокөлігін тоқтады. Құжаттарын тексеру барысында, 1976 жылы туылған жүргізушініӊ 2015 жылдыӊ 27 қаӊтар айында Жалағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен 2 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды. Автокөлік жүргізушісі медициналық тексеріске жіберіліп, нәтижесінде масаӊдық дәрежесі 1.09 пайызды құрайтындығы белгілі болды.

Сонымен қатар, 11 тамыз күні сағат 19.30 шамасында Шиелі ауданы тұрғыны мас күйінде көлік жүргізіп бара жатып, Шиелі кенті, "Шымкент-Самара" тас жолыныӊ бойында патрульдік бақылау жасап жүрген полиция қызметкерініӊ көзіне түседі. Құжаттарын тексеру барысында, "ВАЗ-2106" автокөлік жүргізушісініӊ 2 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де заӊ талаптарын бұзған азаматтардыӊ кінәсі дәләлденген жағдайда, сот шешімімен белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (991000 теӊге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Атап өтерлік жайт, бұрын көлікті басқару құқығынан айырыла отырып мас күйінде көлік жүргізген азаматтар Икімшілік құқық бұзушылық кодексініӊ 467-баптары бойынша жазаға тартылатын. 2015 жылдыӊ 01 қаӊтарынан бастап мас күйінде көлік жүргізу қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Яғни, мас күйінде көлік жүргізу әкімшілік жауапкершілік сатысынан қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны