07.09.2017, 14:49 4686

Қызылордада жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне толығымен орта басшы құрамыныӊ арнайы атағы берілді

Аталған жоба Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ.Е.Көшербаев тарапынан қолдау тауып, нәтижесінде Жергілікті полиция қызметініӊ жол-патрульдік полиция саласындағы кіші басшы құрам лауазымдағы 248 қызметкері орта басшы құрам лауазымдарына ауыстырылды.

Қызылорда. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Полиция қызметкерлерініӊ әлеуметтік ахуалын көтеру, материалдық қамсыздандырылу көрсеткішініӊ еӊбек қызметі мен ауқымына сай болуын қамтамасыз ету, Жергілікті полиция қызметініӊ мәртебесін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан ұсыныс әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінде қаралды. Аталған жоба Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ.Е.Көшербаев тарапынан қолдау тауып, нәтижесінде Жергілікті полиция қызметініӊ жол-патрульдік полиция саласындағы кіші басшы құрам лауазымдағы 248 қызметкері орта басшы құрам лауазымдарына ауыстырылды.

Осыған орай, 2017 жылғы 04 қыркүйекте Жергілікті полиция қызметініӊ алаӊында 80 қызметкерге алғашқы арнайы атақтарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтіп, шараға департамент басшылығы және жеке құрам қатысты.

Жиын барысында Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығыныӊ орынбасары полиция подполковнигі Қ.Қобландин сөз алып, облыс әкімдігініӊ қолдауыныӊ нәтижесінде полиция қызметкерлерініӊ әлеуметтік-материалдық әл-ауқатын көтеру мақсатында қаржы бөлініп, жол-патрульдік полиция қызметкерлерініӊ 100 пайызы толығымен орта басшы лауазымына ауыстырылып, тағайындалғанын атап өтті. Сонымен қатар, жаӊа арнайы атаққа ие болған полиция қызметкерлерін құттықтап, енді олардыӊ алдында қызметтік міндеттерін адал орындап, Антқа абыройлы қызмет ету талабы тұрғандығын баса көрсетті.

Ал, Жергілікті полиция қызметкерлері бүгіннен бастап жаӊа офицерлік шенде өз қызметтерін жалғастыратын болады,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны