27.04.2017, 16:57 4938

Қызылордада жол-патрульдік полиция саптық бөлінісініӊ "Үздік маманы" анықталды

Ағымдағы жылдыӊ 25 сәуірінде Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай жол-патрульдік полициясыныӊ саптық бөліністері арасында "Үздік маман" байқауы өткізілді. Байқаудыӊ басты мақсаты - полиция қызметкерлерініӊ білік-білімдерін, дағдыларын, кәсіби шеберліктерін жетілдіру, түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін бағамдау болып табылады.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазіргі таӊда елімізде құқық қорғау саласын дамыту, тиімділігін арттыру бағытында түрлі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Осындай қауіпсіздік жолында қызмет етіп, профилактикалық жұмыстарды жүргізу, құқық бұзушылықтарды анықтау, қылмыстық әрекеттерді ашу, азаматтардыӊ жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жол-патрульдік полиция қызметкерлерініӊ үлесі зор.

Ағымдағы жылдыӊ 25 сәуірінде Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай жол-патрульдік полициясыныӊ саптық бөліністері арасында "Үздік маман" байқауы өткізілді. Байқаудыӊ басты мақсаты - полиция қызметкерлерініӊ білік-білімдерін, дағдыларын, кәсіби шеберліктерін жетілдіру, түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін бағамдау болып табылады. Жол-патрульдік полиция қызметі - халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін, әрбір іс-әрекеті үнемі қоғамныӊ көз алдында өтетін бірден-бір құрылым екендігі белгілі. Осыған орай, дәл осы саланы таӊдауыныӊ өзі кездейсоқтық емес.

Аталған байқауға қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінен 10 қызметкер қатысты. Олар жеӊімпаз атану үшін таӊнан кешке дейін өз мүмкіндіктерін көрсетіп, оқыс жағдайларға дайындықтары мен кәсіби біліктерініӊ деӊгейін танытты.

Байқау барысында жол-патрульдік полиция инспекторлары дене шынықтыру даярлықтары бойынша, Макаров тапаншасынан атудан, жүк автокөлігін басқарудан сайысқа түсіп, Қазақстан Республикасы Заӊдарынан сынақ тапсырып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәжірибесімен бөлісті. Байқау жеӊімпазын анықтауда полиция инспекторларыныӊ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс көрсеткіштері де ескерілді.

Байқау жеӊімпазы мен жүлдегерлерін Жергілікті полиция қызметі басшылығынан арнайы құрылған комиссия анықтады. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметініӊ жол-патрульдік полиция батальоныныӊ полицейі полиция кіші сержанты Ибдірасыл Изімхан Ибдірасылұлы өз ісініӊ "Үздік маманы" атанды.

Сайыс соӊында жарыс жеӊімпазы мен қатысушылары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны