29.05.2017, 16:19 4402

Қызылордадағы "Ақмешіт-Сырдария" мешітініӊ бастамасымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Қайырымдылық жасау - мұсылманныӊ сипаты, Рамазан айы - қайырымдылық айы екенін ескерген мешіт ұжымы бірнеше мұқтаж отбасыларына қол ұшын созып, көмек көрсетті.

Қызылорда. 29 мамыр. Kazakhstan Today - ҚМДБ-ныӊ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітініӊ бастамасымен қасиетті Рамазан айыныӊ құрметіне орай бірнеше шаралар бастау алып кетті.

Соныӊ бірі - орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешіті тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы.

Қайырымдылық жасау - мұсылманныӊ сипаты, Рамазан айы - қайырымдылық айы екенін ескерген мешіт ұжымы бірнеше мұқтаж отбасыларына қол ұшын созып, көмек көрсетті.

Мешіт тарапынан тұрмысы төмен және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға азық-түлік түрінде қайырымдылық жасалды.

Өз кезегінде көмек алушы отбасылар алғысын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны