18.12.2012, 16:11 3335

Қызылордадағы кәсіпорындар қуат қорын үнемдеуге кезең-кезеңімен көше бастады

Бүгінде отын-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің біріне айналып отыр. Бұл ретте Қызылордада бірқатар кәсіпорындар қуат қорын үнемдеуге кезең-кезеңімен көше бастады. Сондай-ақ электр желілерін жіті бақылау шаралары да жаңа технолгия негізінде жүргізілуде.

Астана. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылордадағы кәсіпорындар қуат қорын үнемдеуге кезең-кезеңімен көше бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінде отын-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің біріне айналып отыр. Бұл ретте Қызылордада бірқатар кәсіпорындар қуат қорын үнемдеуге кезең-кезеңімен көше бастады. Сондай-ақ электр желілерін жіті бақылау шаралары да жаңа технолгия негізінде жүргізілуде.

Ескі желілер мен қондырғылар электр энергиясының жоғалуына әкеп соқтыратын негізгі фактор. Мәселені шешудің бір жолы - жаңа технология енгізу. Заманауи құрылғылар пайдалану арқылы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны соңғы 3 жыл бедерінде 30 пайызға дейін энергия шығынын төмендете алды.

Алайда қуат ақысына көп шығындалмас үшін түрлі айла-амалдарға көшкен жеке секторлар да аз емес. Электр энергиясын ұрлауға әрекеттенгендердің ісі әшкере боп жатыр. Олардың қатарында кәсіпорындар да бар.

Энергияның себепсіз шығындарын азайту үшін облыс бойынша электр тарату тораптары мекемесі жаңа жүйе енгізе бастады. PLC технологиясы желі бойын жіті бақылауда ұстауға арналған.

Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен 148 млн теңге қаралды. Жаңа технологияны қондыруға отандық және шетелдік компаниялар жұмылдырылды. Автоматты жүйені толық іске асыру 3 кезеңге бөлінген. Бүгінге дейін 9 қосалқы станция мен бірнеше көпқабатты үй осы құрылғыға қосылды. Алдағы уақытта облыс орталығын толық қамту көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны