14.07.2011, 12:22 3117

Қызылордадағы қатаң түзеу мекемесінде ұялы телефондар мен қуаттағыш құралдар табылды

"Қамаудағылар отырған орындарды кезекті тексеру барысында 61 ұялы телефон, олардың қуаттағыш құралдары, кастеттер мен ойын карталары табылды", - деді колония бастығы.

Қызылорда. 14 шілде. Kazakhstan Today - Қызылордадағы қатаң түзеу мекемесінде ұялы телефондар, олардың қуаттағыш құралдары және басқа да тыйым салынған заттар табылды, деп мәлімдеді ЗК 169/5 мекемесінің бастығы Артур Сүлейменов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қамаудағылар отырған орындарды кезекті тексеру барысында 61 ұялы телефон, олардың қуаттағыш құралдары, кастеттер мен ойын карталары табылды", - деді колония бастығы.

Иділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының хабарлауынша, ЗК 169/5 мекемесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған бір жарым мың сотталушы жазасын өтеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны