19.06.2017, 11:43 3994

Қызылордалық дарынды оқушылар облыс әкімініӊ қолынан "ЭКСПО"-ға билет алды

17 маусым күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Президенттік, халықаралық және республикалық пән олимпиадаларыныӊ, ғылыми жоба байқауларыныӊ жеӊімпаздары, дарынды оқушылармен кездесті.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - 17 маусым күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Президенттік, халықаралық және республикалық пән олимпиадаларыныӊ, ғылыми жоба байқауларыныӊ жеӊімпаздары, дарынды оқушылармен кездесті.

Облыс әкімі дарынды балалармен өӊірдіӊ қазіргі дамуы және болашақтағы жоспарлар жайлы емен-жарқын әӊгімелесіп, оларға мектепті табысты бітіріп, жоғары білім алып, ата-аналарыныӊ үмітін ақтап, елге қызмет етуді тіледі.

-Соӊғы үш жыл көлемінде облыстыӊ 400-ге жуық мектеп бітіруші түлектері Ресей Федерациясындағы Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу университетінде (МИСиС), К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінде және Санкт-Петербург технологиялық университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жылы алғаш рет 155 талапкер М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ университетініӊ байқау сынақтарына қатыса алды. 1254 бала "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алып жүр, және ауылдық жерде тұратын әлеуметтік қолдауды қажет ететін 500 бала облыс әкімініӊ грантына ие болды. Мектеп бітірушілердіӊ 95 пайызыныӊ жоғарғы оқу орындары мен колледждерде білімдерін жалғастыруға қол жеткізуі 2016 жылғы басты жетістік екендігін ерекше айта кеткен жөн, - деді облыс әкімі.

Мектеп бітіруші түлектер өӊір басшысына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, болашақтарына қамқорлық танытқаны үшін алғыстарын білдіріп, өмір жолын анықтауда ақыл-кеӊес сұрады. Облыс әкімі жас таланттарды "Сыр дарыны" медалімен марапаттап, Астана қаласында өтіп жатқан "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне билеттер берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны