24.08.2015, 17:14 3606

Қызылордалық полицейлер тағы екі есірткі алқабын анықтады

Қызылордалық полицейлер Шалқия кентіне қарасты тау беткейінде есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған алқапты анықтады

Қызылорда. 24 Тамыз. Kazakhstan Today - Қызылордалық полицейлер Шалқия кентіне қарасты тау беткейінде есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған алқапты анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жылдыӊ 18 тамызында түнгі сағат 01:00-де Шалқия кентінен 75 шақырым жердегі бес егістік алқабында егіп-баптау жұмыстарымен айналысып жатырған 1959 жылы туылған және 1987 жылы туылған 2 азамат ұсталды. Тексеру барысында аталған азаматтардыӊ Жаӊақорған кентініӊ тұрғындары екендігі белгілі болды. Өсіруге заӊмен тыйым салынған 259 түп сора өсімдігі өртеу жолымен жойылып, сезікті азаматтар аудандық ішкі істер бөлімініӊ уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Дәл осындай дерек Жалағаш ауданында да тіркелді. 19 тамыз күні таӊғы сағат 06.00 шамасында Жалағаш ауданы, Мырзабай елдімекенінен шығысқа қарай 30 шақырым жерде есірткі затына ұқсас өсімдікті егіп, күтіп-баптап жатырған 1977 жылы туылған Жалағаш тұрғыны ұсталды. Аталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, үстінен ҚР Қылмыстық кодексініӊ 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде алынған 545 түп есірткіге ұқсас өсімдікке тағайындалған сараптама қорытындысы "сора" өсімдігіне жататынынын бекітіп, жалпы салмағы 272,5 кг-ды құрайтындығынын анықтаған.

Жоғарыда көрсетілген екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтардыӊ кінәлары дәлелденген жағдайда, сот шешімімен 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (3964000 тг) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны