15.05.2017, 16:31 4086

Қызылордалық тәртіп сақшылары шағын футболдан бақ сынасты

Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай, ағымдағы жылдыӊ 13 мамырында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментініӊ басқармаларынан құралған құрама командалар арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.

Қызылорда. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай, ағымдағы жылдыӊ 13 мамырында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментініӊ басқармаларынан құралған құрама командалар арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Аталмыш жарыстыӊ басты мақсаты - полиция қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердіӊ дене шынықтыру дайындығын жоғары деӊгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын көтеру болып табылады. Спорттық додаға барлығы 11 команда қатысып, ширек финалға үздік ойын көрсеткен 4 команда суырылып шықты. Тәртіп сақшылары арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті. Спорттық бәсекеніӊ қорытындысы бойынша І орынды Арнайы даярлық басқармасы мен Кадр жұмыстары басқармасынан құралған команда иеленіп, жарыс жеӊімпаздары атанды. ІІ орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командасы қанжығасына байласа, Оқу-жаттығу басқармасы жарыстыӊ қола жүлдегерлері атанды.

Сондай-ақ жарыс шеӊберінде үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы, үздік гол аталымдары бойынша үздіктер анықталды. "Үздік қорғаушы" номинациясына ҚІІБ Криминалды полиция бөлімшесініӊ кіші жедел уәкілі полиция сержанты Болманов Наурыз лайық деп танылса, "Үздік шабуылшы" аталымы бойынша ОІІД Арнайы даярлық басқармасыныӊ аға инспекторы полиция капитаны Советұлы Артур, "Үздік қақпашы" аталымы бойынша ОІІД Жедел жоспарлау басқармасыныӊ жедел кезекшісі полиция подполковнигі Тұрсынов Алмат, "Үздік гол" аталымы бойынша ОІІД Техникалық қызмет басқармасы бастығыныӊ орынбасары полиция аға лейтенанты Тілеумбетов Бағдат марапатталды.

Жарыс соӊында жеӊімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны