30.10.2015, 17:26 4243

Қызылорда-Павлодар трассасында болған жол апаты туралы ақпарат

2015 жылдыӊ 30 қазанында сағат таӊғы 08:02-де Қарағанды облысыныӊ ТЖД бірыӊғай кезекшілік-диспетчерлік қызметініӊ басқармасына Қызылорда-Павлодар (909км) трассасында болған жол апаты туралы хабарлама келді

Астана. 30 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 30 қазанында сағат таӊғы 08:02-де Қарағанды облысыныӊ ТЖД бірыӊғай кезекшілік-диспетчерлік қызметініӊ басқармасына Қызылорда-Павлодар (909км) трассасында болған жол апаты туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көп ұзамай Қарағанды облысыныӊ ТЖД ведомстволық бағынысты бөлімшелері мен Абай ауданыныӊ ішкі істер басқармасыныӊ күші мен құралдары, жалпы алғанда 20 адам мен 7 техника жұмылдырылды.

Апат болған жерде АУДИ-100 және Volkswagen автокөлігініӊ соғылғандығы анықталды.

Авариялық-құтқару жұмыстарыныӊ барысында жол апаты әсерінен автокөлікте қысылып қалған 2 жүргізуші құтқарылды. Қуантарлығы, мерт болғандар жоқ. Жүргізушілер, екі әйел, ер мен бала Мақажанов атындағы клиникасына және Абау ауданындағы аудандық орталық ауруханаға жіберілді.

Құрметті, азаматтар, Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: сақ болыӊыздар, ауа райыныӊ өзгерістерін бақылап отырыӊыздар, балаларды қараусыз қалдырмаӊыздар; ауа райыныӊ өзгеруіне сәйкес киіну керек; алыс жерлерге жолға шықпаӊыздар, әсіресе түнгі уақытта және ауа райы нашарлаған жағдайда.

Қарағанды облысыныӊ ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны