09.02.2015, 21:09 4047

ҚМГ БӨ мен Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Меморандум шеӊберінде Компания Қазақстан аумағындағы бірнеше болашағы бар шөгінді бассейндердіӊ жер қойнауына мұнай-газ кеніштерін іздеу және барлау, көмірсутектер қорын арттыру мақсатымен мұнай-геологиялық зерттеу жүргізеді.

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен Компания арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға ("Меморандум") қол қойылғанын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Меморандум екі жақтыӊ мүддесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстары мен көмірсутек шикізатын геологиялық зерттеудіӊ тиімділігін арттыруға бағытталған.

Меморандум шеӊберінде Компания Қазақстан аумағындағы бірнеше болашағы бар шөгінді бассейндердіӊ жер қойнауына мұнай-газ кеніштерін іздеу және барлау, көмірсутектер қорын арттыру мақсатымен мұнай-геологиялық зерттеу жүргізеді.

Тараптар минералды қорлар жөніндегі мәліметтерді, геологиялық және техникалық ақпаратты алмасу, келісілген іздеу және барлау жұмыстарын жүргізу, алдыӊғы қатарлы геологиялық-барлау технологияларын пайдалану жөнінде мәмілеге келді.

Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны