13.09.2006, 13:18 2913

Қоғамдағы төзімділік ауанын түрлі конфессиялардың рухани жетекшілері ғана қамтамасыз ете алады - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының дін және діни сенім-наным жөніндегі сарапшылар кеңесінің мүшесі

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қоғамдағы төзімділік ауанын түрлі конфессиялардың рухани жетекшілері ғана қамтамасыз ете алады. Бүгін Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының дін және діни сенім-наным жөніндегі сарапшылар кеңесінің мүшесі Хавьер Мартинез-Торрона осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Көп жағдайда біз діни сенім-наным еркіндігін қамтамасыз ету - тек мемлекеттің құзыретіндегі шаруа деп санаймыз. Алайда шын мәнінде ол бұл құқықтың тек құқықтық негіздерін ғана қамтамасыз ете алады. Ал соған қажетті әлеуметтік толеранттылық ауанын қамтамасыз ету қабілетіне түрлі конфессиялардың рухани жетекшілері ғана ие",- деп есептейді Х. Мартинез-Торрона.

"Конфессияаралық диалог өткізуде діндер арасындағы айырмашыққа емес, баршасына бірдей ортақ принциптерге баса назар аударып, адамдар арасында ынтымақ-бірлік сезімін дамыту қажет",- деді ұйым өкілі.

Х. Мартинез-Торронаның пайымдауынша, "адамдар мұсылман әлемінің рухани жетекшілерінің аузынан лаңкестер жасаған ауыр қылмыстардың исламға ешбір қатысы жоқтығын, ислам - бейбітшілік діні екенін естуге тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны