24.06.2008, 11:38 1461

Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға атсалысу аясын кеңейту қажет - "Трансперенси Қазақстан"

Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға атсалысу аясын кеңейту қажет - "Трансперенси Қазақстан"

Алматы. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға атсалысу аясын кеңейту қажет. Бұл туралы дүйсенбі күні "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің қоғамдық механизмдері және халықаралық тәжірибе" атты халықаралық конференцияда "Транспаренси Қазақстан" ұйымының атқарушы директоры Сергей Злотников мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлықпен күресте табысқа жету үшін ең басты екі нәрсе қажет. Бұл - мемлекеттің жігері мен азаматтардың атсалысуы", - деді С. Злотников.

"Конференцияның мақсаты - мемлекеттік секторға арнап нұсқаулар дайындау. Оның үстіне қазір Қазақстан БҰҰ-ның екі конвенциясын - сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі және трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі конвенцияларды бекітті. Жаһандық әлемнің қатысушысы ретінде біздің проблемаларымыз жергілікті емес, ғаламдық сипатқа көшті", - деді С. Злотников.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны