13.10.2017, 23:20 19439

Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин ескерткіші мен мұражайы жұмыс істейді

1995 жылы Көкшетау қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен М.Ғабдуллин мұражайы ашылды.

Көкшетау. 13 қазан. Kazakhstan Today - "Туған жер" арнайы жобасыныӊ аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі облыстағы еӊ танымал тарихи ескерткіштерді таныту сериясын жалғастыруда.

Солардыӊ бірі Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин ескерткіші мен мұражайы.

Мәлік Ғабдуллин бұрынғы Көкшетау облысы Зеренді ауданыныӊ тумасы. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардыӊ бірі болып өз еркімен майданға сұранған.

2015 жылы Кеӊес Одағыныӊ Батыры, ғалым, жазушы Мәлік Ғабдуллинніӊ 100 жылдығымен тұспа-тұс келген Ұлы Жеӊістіӊ 70-жылдық мерейтойы қарсаӊында қалалық саябақта батырға арналып ескерткіш орнатылған.

Ескерткіштіӊ биіктігі 3,5 метр. Бұл жобаныӊ авторы қазақ еліне танымал Тоқтар Ермеков. Қоладан құйылған мүсінде батырдыӊ соғыстан қайтқан кездегі бейнесі сомдалған.

1995 жылы Көкшетау қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен М.Ғабдуллин мұражайы ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны