03.08.2017, 20:20 4178

Көкшетау қаласыныӊ 190 жылдығына орай "Туған өлкем - Көкше" әдеби-музыкалық танымдық кеш өткізілді

"Мемлекеттік тіл - достық тірегі" айлығы аясында өткізілген бұл шарада алдымен өткен жылғы тілдер мерекесінен слайд арқылы бейне көрініс ұсынылды. Одан соӊ екі тілде Көкшетау қаласыныӊ тарихы баяндалды.

Көкшетау. 3 тамыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Ақмола жол бөлімшесініӊ мәжіліс залында Көкшетау қаласыныӊ 190 жылдығына орай өткізілген "Туған өлкем - Көкше" әдеби-музыкалық танымдық кеште сүйікті қаламыздыӊ бай тарихынан сыр шертілді.

"Мемлекеттік тіл - достық тірегі" айлығы аясында өткізілген бұл шарада алдымен өткен жылғы тілдер мерекесінен слайд арқылы бейне көрініс ұсынылды. Одан соӊ екі тілде Көкшетау қаласыныӊ тарихы баяндалды. Осы жиында облыс орталығыныӊ соӊғы жылдардағы жетістіктері нақтылы деректермен сараланды.

Облыстық "Арқа ажары" газеті бас редакторыныӊ орынбасары Дәуренбек Шөрентаев сөз сөйлеп, Көкшетау қаласыныӊ тарихына тоқталды. Кешке қатысқан темір жол саласыныӊ мамандары қаланыӊ әсем көріністеріне сүйсініс танытты.

Болашақ теміржолшылар - "Бурабай" колледжініӊ оқушылары Молдаш Темірлан, Қасен Медет, Махмет Еламан, Виктор Колесников және басқалары ән шырқап, күмбірлете күй шертті, Көкшетау қаласына арналған жыр шумақтарын жатқа айтты.

Кешке жол және магистральдық желі бөлімшелерініӊ мамандары мен "Бурабай" колледжініӊ оқушылары, ғылыми-техникалық кітапхананыӊ бас кітапханашысы Тұрсынгүл Баджанова, мұражайдыӊ инженер технологы Бекзат Жүнісов және аудармашылар Ботагөз Кәрімбаева мен Ақмарал Нұрғалиева қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны