18.03.2011, 16:03 3690

Көкшетауда "балабақша" ретінде ұйымдастырылған пәтерде есірткі сатылып келген

Көкшетауда "жекеменшік балабақша" ретінде ұйымдастырылған пәтерде есірткі сатылып келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетау. 18 - наурыз. Kazakhstan Today - Көкшетауда "жекеменшік балабақша" ретінде ұйымдастырылған пәтерде есірткі сатылып келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылы бұрын сотты болған Көкшетау қаласының тұрғыны жедел қызметкерлердің назарына іліккен. Жедел тексеру барысында полиция қызметкерлері, есірткі сатушының жұбайының нашақор екендігін анықтаған. Ол осыған қарамастан "үйде бала бағу" туралы жергілікті газеттерге жария беріп, өз қызметін ұсынып келген",- деп хабарлады агенттікке Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен.

"Қазіргі уақытта есірткі сатушы ұсталған. Оған тінту жүргізу кезінде бір грамм героин табылып, тәркіленді. Үйге тінту жұмыстарын жүргізу кезінде иісшіл ит жуынатын бөлмеден ірі көлемде - 5 грамнан астам есірткі тапты",- деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны