13.07.2017, 19:28 2997

Көкшетауда ҚР ҰҚК құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті

Мерекелiк жиында сөз сөйлеген облыс әкiмi М. Мырзалин: "Мемлекет басшысы - ҚР Қарулы күштерiнiӊ жоғары қолбасшысы Н. И. Назарбаев ұлттық қауiпсiздiк органдары Қазақстанныӊ нағыз тiрегiне айналып, халықаралық қауiпсiздiк жүйесiнiӊ құрамдас бөлiгi екенiн айтады",- дедi.

Көкшетау. 13 шілде. Kazakhstan today - Бүгiн "Көкшетау" мәдениет сарайында ҚР ҰҚК құрылғанына 25 жыл толуына орай салатанатты шара өттi.

Мерекелiк жиында сөз сөйлеген облыс әкiмi М. Мырзалин: "Мемлекет басшысы - ҚР Қарулы күштерiнiӊ жоғары қолбасшысы Н. И. Назарбаев ұлттық қауiпсiздiк органдары Қазақстанныӊ нағыз тiрегiне айналып, халықаралық қауiпсiздiк жүйесiнiӊ құрамдас бөлiгi екенiн айтады",- дедi.

Сондай-ақ аймақ басшысы ҰҚҚ органдарыныӊ бүгiнгi күнi елдiӊ тыныштығын сақтауда, iшкi және сыртқы қауiптерден, ұлттық мүдденi қорғауда басты буын болып отырғанын атап өттi.

Салтанатты шара барысында ҰҚКД бiрқатар қызметкерi мерейтойлық медальдармен, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны