15.02.2011, 15:46 3839

Көкшетауда жаңадан салынған аурухананың құрылысы сыр бере бастады

Көкшетауда жаңадан салынған аурухананың құрылысы сыр бере бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетау. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - Көкшетауда жаңадан салынған аурухананың құрылысы сыр бере бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетаудағы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратында орналасқан балалар бөлімшесінен 35 емделуші, қызметкерлер мен медициналық құрылғылар қауіпсіз жерге көшірілген. Себебі ғимарат апаттық жағдайда деп танылған.

Ақмола облысының ТЖ департаментінің бастығы Вадим Прангенің хабарлауынша, ТЖ жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде балаларды көшіріп әкетіп, ғимаратты пайдалануды тоқтату туралы ұйғарым шыққан.

"Аурухананың ғимараты тиісті қауіпсіздік шаралары бұзыла отырып, жұмсақ топырақпен салынған. Пайдалануға берілгеніне 3-4 жыл ғана болса да, қабырғалары шытынап кеткен. Іргетасы түсіп кеткендіктен конструкциясы да бұзылған. Сараптама ғимаратты апаттық жағдайда деп таныды. Оның тағдырын енді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы шешетін болады",- деп хабарлады В. Пранге.

Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәргері Айман Темірханованың хабарлауынша, 31 бала Көкшетаудың жанындағы Зеренді аулына әкетілген. Балалар Аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем қабылдауды жалғастыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны