22.09.2015, 17:17 4166

Көкшетауда "жедел жәрдем" апатқа ұшырап, өздеріне жәрдем қажет болды

Бүгін Көкшетауда "жедел жәрдем" каретасы Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысып, фельдшер миы шайқалды деген диагнозбен нейрохирургия бөліміне түсті

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Көкшетауда "жедел жәрдем" каретасы Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысып, фельдшер миы шайқалды деген диагнозбен нейрохирургия бөліміне түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Көкшетау қаласы жедел медициналық жәрдем стансасы бас дәрігерініӊ орынбасары Ирина Беспалованыӊ айтуынша, көлік апаты бүгін сағат 12.36-да орын алған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Біздіӊ қызметкерлер ауыр халдегі науқасты Ақмола облыстық ауруханаға әкеле жатқан. Уәлиханов-Сәтпаев көшелерініӊ қиылысында "Мерседес" автокөлігімен соқтығысады. Жедел жәрдем автокөлігі ескерту дабылымен, шамдарымен келе жатқан", - деп ескерді бас дәрігер орынбасары.

Беспалованыӊ айтуынша, жол-көлік апатынан науқаспен қатар "жедел жәрдем" қызметкерлері де жарақат алыпты.

"Фельдшердіӊ миы шайқалып, аяғын жарақаттап алды, маӊдайынан қатты соққы алған. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Жүргізуші мен санитар - амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Ауыр халдегі науқас әжей қазір хирургия бөлімінде, ота жасалып жатыр", - деп қосты Ирина Беспалова.

Ақмола облыстық ауруханасында науқастардыӊ жағдайын айтудан бас тартты. ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиғада "Мерседес" көлігініӊ жүргізушісі кінәлі, ол "жедел жәрдемге" жол бермеген. Ол да жарақат алмапты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны