18.04.2008, 16:41 3125

Көкшетаудағы бір көп қабатты үйдің тұрғындары баспанасы құлау мүмкіндігінен қорқуда

Көкшетаудағы бір көп қабатты үйдің тұрғындары баспанасы құлау мүмкіндігінен қорқуда

Көкшетау. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетаудағы бір көп қабатты үйдің тұрғындары кәріз жүйесінің сулары баспананы көптен бері алуына байланысты үйдің құлау мүмкіндігінен қорқуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

17 пәтердің тұрғыны облыстық және қалалық әкімшіліктерге, "Горводоканалға", аудандық электр желілері мекемесіне, прокуратура мен жергілікті газетерге ашық хат жазды.

"Біз көмек сұраймыз. Үй тұрғындары кәріз жүйесі аралында тұрып жатқанын бүкіл қала телеарналардан талай көрді, баспасөзден оқыды, бізге өзеннің жанындағы қондырғыны іске қосып, біздің ауламызда түзілген канализациялық көлдің суы тартылып, біздің тіршілігіміз түзеледі деп уәде берген еді, бірақ сеніміміз ақталмады. Біз бұрынғыдай лас әрі ауру қозатын ортада өмір сүріп жатырмыз", - делінген хатта.

Қалалық мекемелер тұрғындардың телефон қоңырауына мәселенің бәрі пәтер иелерінің кооперативіне байланысты деп жауап беруде. "Ал бізде ПИК деген жоқ. Енді біз не істеуіміз керек?", дейді олар.

Тұрғындардың пікірінше, "үйдің подъезді бірнеше айда құлап қалуы ықтимал, ал онымен ешкімнің шаруасы болмай жатыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны