23.01.2015, 21:19 4259

ҚР ІІМ-ініӊ көліктіӊ қауіпсіздік белдігіне қатысты талапты орындау бойынша түсіндірмесі

Егер көлік құралыныӊ конструкциясында қауіпсіздік белдіктері көзделмесе, оларды, сондай-ақ балаларды ұстау құрылғысын немесе баланы қауіпсіздік белдігініӊ көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін өзге құралдарды пайдалану міндетті шарт болып табылмайды

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Егер көлік құралыныӊ конструкциясында қауіпсіздік белдіктері көзделмесе, оларды, сондай-ақ балаларды ұстау құрылғысын немесе баланы қауіпсіздік белдігініӊ көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін өзге құралдарды пайдалану міндетті шарт болып табылмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осылайша, "Жол жүрісі туралы" Заӊныӊ 54-бабы 37) тармақшасына, сондай-ақ Үкіметтіӊ 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларыныӊ 22-бөлімі 7-тармағыныӊ 2) тармақшасына сәйкес 12 жасқа дейінгі балаларды оларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігініӊ көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін, көлік құралыныӊ конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралыныӊ алдыӊғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады.

Қауіпсіздік белдіктерін пайдалануға қатысты, Жол жүрісі қағидаларына сәйкес көлік құралыныӊ жүргізушісі қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жүрген кезде белдікті тағуға және белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға міндетті.

Сонымен қатар, жасаушы зауыт қауіпсіздік белдіктерімен жабдықтамаған көлік құралы иесініӊ еркі бойынша мұндай көлік құралын жасаушы зауыттан ұсынымды немесе алдын ала техникалық сараптама қорытындысын алуды ескере отырып, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықтай алады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Икімшілік полиция комитеті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны