02.06.2015, 11:21 3734

Көлік полицейлері 23 тоннадан аса дизель отынын ұрлағандарды ұстады

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері "Ақтөбе-Орск" тас жолыныӊ бойында 1991 және 1971 жылы туылған жүргізушілердіӊ басқаруындағы цистерна тіркемесі бар "Камаз" маркалы екі жүк автокөлігін ұстады.

Ақтөбе. 02 Маусым. Kazakhstan Today - Көліп полицейлері 23 тоннадан аса дизель отынын ұрлаған екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері "Ақтөбе-Орск" тас жолыныӊ бойында 1991 және 1971 жылы туылған жүргізушілердіӊ басқаруындағы цистерна тіркемесі бар "Камаз" маркалы екі жүк автокөлігін ұстады.

Тексеру кезінде тіркеменіӊ бойлерінде 23 тонна дизель отыны бар екендігі анықталды, тәркіленді.

Тексеру барысында ұсталғандардыӊ бұл отынды Ақтөбе қаласы Халықаралық әуежайыныӊ жанар-жағармай материалдары базасынан құйып алғаны және оныӊ аумағынан ешқандай тиісті құжаттарсыз Ресей Федерациясыныӊ Орск қаласына қарай жолға шыққаны анықталды.

Жанар-жағармайдыӊ құжаттарын тексергенде аталған көліктердіӊ жүргізушілері "пеш отынына" арналған құжаттарды көрсеткен.

Зертханада жүргізілген химиялық сынақтардыӊ нәтижесі аталған автокөліктерден табылған сұйықтықтардыӊ дизель отыны екендігін көрсетті. Сондай-ақ, өлшем жасалған кезінде оныӊ жалпы көлемі 23 тонна 214 литр дизель отыны екендігі анықталды. Келтірілген материалдық шығын 1 миллион 600 мыӊ теӊгені құрады.

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 197 бабыныӊ 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. (Мұнайдыӊ және мұнай өнiмдерiніӊ шығарылу заӊдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өӊдеу).

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны