07.07.2016, 18:12 3258

Көлік полицейлері Қостанай қаласыныӊ әуежайында жалған құжат пайдаланғаны үшін кәмелет жасына толмаған қызды ұстады

Қостанай станциясындағы Ішкі істер желілік бөліміне Шекара қызметінен "Қостанай" өткізу пунктінде шекара жасағыныӊ төлқұжат бақылауын жүргізуі кезінде 2016 жылы ҚР Иділет министрлігімен Қазақстан Республикасыныӊ 1996 жылы туылған азаматшасыныӊ атына берілген берілген төлқұжатты ұсынған Қазақстан Республикасыныӊ 2000 жылы туылған азаматшасы ұсталғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті

Қостанай. 7 шілде. Kazakhstan Today - Қостанай станциясындағы Ішкі істер желілік бөліміне Шекара қызметінен "Қостанай" өткізу пунктінде шекара жасағыныӊ төлқұжат бақылауын жүргізуі кезінде 2016 жылы ҚР Иділет министрлігімен Қазақстан Республикасыныӊ 1996 жылы туылған азаматшасыныӊ атына берілген берілген төлқұжатты ұсынған Қазақстан Республикасыныӊ 2000 жылы туылған азаматшасы ұсталғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұдан соӊ Қостанай станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері мән жайды анықтау үшін қызды полиция бөлімшесіне алып келген.

Тексеру барысында кәмелет жасына толмаған қыздыӊ Қостанай қаласыныӊ Халыққа қызмет көрсету орталығына 1996 жылы туылған азаматшаныӊ жеке куәлігін ұсынып, оныӊ жеке мәліметтерімен және өзініӊ суретімен ҚР төлқұжатын алған болып шықты.

Сондай-ақ, ол ата-анасына ескертпестен Қостанай қаласыныӊ әуежайына барып, Белорусь Республикасыныӊ Минск қаласына, одан кейін Одесса (Украина) қаласына ұшпақшы болған.

Көлік полицейлері кәмелет жасына толмаған қыздыӊ ата-анасын ҚР ИҚБтК-ніӊ 442 бабы (Кәмелетке толмағандардыӊ түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ніӊ екі бабы бойынша, яғни, ҚР ҚК-ніӊ 140 бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) және ҚР ҚК-ніӊ 385 бабыныӊ 3 тармағы (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны