29.06.2016, 16:04 4101

Көлік полицейлері Тараз қаласында тұратын 35 жастағы әйелден аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі

Ағымдағы жылғы 28 маусымда "Көкнәр-2016" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл ст. Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері, "Айс" лақап атты қызметтік-іздестіру итініӊ көмегімен, Жамбыл станциясы темір жол вокзалыныӊ перронында Тараз қаласыныӊ 35 жастағы тұрғынын ұстады

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 28 маусымда "Көкнәр-2016" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл ст. Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері, "Айс" лақап атты қызметтік-іздестіру итініӊ көмегімен, Жамбыл станциясы темір жол вокзалыныӊ перронында Тараз қаласыныӊ 35 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барысында ұсталған азаматшаныӊ жол сөмкесінде өзіндік иісі бар, өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 8 келі 660 граммды құрайтын "кептірілген марихуана" есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізілімінде ҚР ҚК-ніӊ 296 бабыныӊ 4 тармағы бойынша (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заӊсыз дайындау, қайта өӊдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдыӊ басынан бері еліміздіӊ көлік полицейлері 589 келі есірткі заттарын, соныӊ ішінде 2,5 келі героин есірткі затын тәркіледі. Сондай-ақ, есірткі заттарыныӊ контрабандасына қатысты 3 факті,заӊсыз тасымалдауға қатысты 9 факті анықталды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны