13.04.2016, 14:58 4375

Көлік полицейлері заӊсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін 33 жастағы ҚР азаматын ұстады

Жыл басынан бері еліміздіӊ көлік полицейлері ҚР Көші-қон заӊнамасын бұзғаны үшін 19 азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартқан, соныӊ ішінде заӊсыз көші-қон ұйымдастыру бойынша 4 факт анықталған.

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Көліктегі ІІД көші-қон полициясы қызметкерлері мен Петропавл ст. Ішкі істер желілік бөлімініӊ криминалдық полиция қызметкерлері бірлесе отырып, Өзбекстан Республикасыныӊ екі азаматын жүк пойызыныӊ вагоны арқылы Петропавловск стансасынан Ресей Федерациясыныӊ аумағына өткізбек болып, заӊсыз көші-қон ұйымдастырған 33 жастағы Қазақстан Республикасыныӊ азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 394 бабы (Заӊсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері еліміздіӊ көлік полицейлері ҚР Көші-қон заӊнамасын бұзғаны үшін 19 азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартқан, соныӊ ішінде заӊсыз көші-қон ұйымдастыру бойынша 4 факт анықталған.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны