25.05.2015, 16:47 3792

Көлік полицейлері жалпы салмағы 6 тоннадан асатын контрабандалық жүкті тауып, тәркіледі

Ағымдағы жылдыӊ 22 маусымында Көкшетау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі мен Көліктегі ІІД қызметкерлері бірлесіп, темір жол нысандарында жедел-іздестіру шараларын жүргізді

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 22 маусымында Көкшетау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі мен Көліктегі ІІД қызметкерлері бірлесіп, темір жол нысандарында жедел-іздестіру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Тексеру барысында Бішкек станциясынан Екатеринбург станциясына бара жатқан поездыӊ құрамында "Қырғыз жүк тасымалдау" АҚ жұмысшыларыныӊ контрабандалық жүк тасымалы анықталды.

Үлкен теӊ түріндегі жүктіӊ жалпы салмағы 6 тонна 607 келіні құрайды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 234-бабыныӊ 1-бөліміне (Экономикалық контрабанда) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта материал Ақмола облысыныӊ Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны