04.02.2016, 17:35 3489

Көлік сақшылары Шу қаласыныӊ тұрғынынан аса ірі көлемдегі гашиш есірткі затын тәркіледі

Шу ст. желілік полиция бөлімініӊ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен Шу ст. теміржол вокзалыныӊ перронында 31 жастағы Шу қаласыныӊ тұрғыны анықталып

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Шу ст. желілік полиция бөлімініӊ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен Шу ст. теміржол вокзалыныӊ перронында 31 жастағы Шу қаласыныӊ тұрғыны анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барысында одан қара түсті полиэтиленді пакеттіӊ ішінен қоӊыр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар ұнтақталған жабайы сора табылды.

Сот-сараптамалық зерттеуініӊ нәтижесінде күдіктіден тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 1 келі 760 граммды құрайтын "гашиш" есірткі заты екені анықталды.

"Ұсталған азамат аса ірі көлемдегі есірткі затын иемденіп, сақтап, мақсатсыз алып жүрген" - дейді Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ бастығы Ерлан Акбаров.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексініӊ 296 бабы 4 тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заӊсыз дайындау, қайта өӊдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестрінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқарма бастығыныӊ айтуы бойынша, 2016 жылғы қаӊтар айында Көліктегі Ішкі істер департаменті бөліністерімен есірткі заттарыныӊ заӊсыз айналымына қатысты 27 қылмыстық іс тіркелді, оныӊ ішінде 11-і есірткіні сату фактісі, есірткі затын контрабандалық жолмен тасымалдау бойынша 2 факті. Заӊсыз айналымнан 17кг 278,8 гр. әр түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны