08.01.2015, 09:46 3585

Көлікті айдап кетуші күтпеген "тосын сыйға" тап болды. Айдап кеткен көлікте 70 қаздыӊ тұтас еті болған.

Қазіргі уақытта, елордалық полиция қызметкерлерініӊ арқасында көлік жәбірленушіге қайтарылды. Ал айдап кетуші олжа болып жолыққан 70 қаздыӊ тұтас етініӊ тек 4 ғана қайтарып берді.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елордалық ІІД "Алматы" ауданыныӊ ІІБ Петропавл қ. тұрғыны шағымданды. Астанада түн ортасында өз туыстары тұратын тұрғын үй ауласынан бейтаныс азамат "Ниссан" маркілі автокөлікті кілт таӊдау арқылы ашып, айдап кетті. Жеке заттармен қатар, көлікте елордаға сату мақсатымен әкелген 70 қаздыӊ тұтас еті болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іздестіру шараларыныӊ барсында полицейлер айдап кетушіні анықтап, құрықтады. Оныӊ елорданыӊ 23 жасар тұрғыны екендігі анықталды. Ұсталынған азаматтыӊ айтуынша, көліктіӊ жүк салғышындағы қаздыӊ тұтас еті ол үшін күтпеген жайт болды. Көлікті айдап кетумен қатар, қаздыӊ тұтас еттерін достары мен таныстарына "сыйлық" ретінде таратып берген.

Қазіргі уақытта, елордалық полиция қызметкерлерініӊ арқасында көлік жәбірленушіге қайтарылды. Ал айдап кетуші олжа болып жолыққан 70 қаздыӊ тұтас етініӊ тек 4 ғана қайтарып берді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы бойынша ("Ұрлық") қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ұсталынған азаматтыӊ бұрыӊ-соӊды автокөлік құралдарын айдап кету қылмыстарына қатыстығы анықталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны