06.03.2012, 12:41 4124

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 29 млн. шаршыметр жекеменшік баспана салынатын болады

"Жекеменшік баспана құрылысының көрсеткіші мен көлемін сақтау үшін, жоспарланып отырған "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында осы бағытты қаржыландыру көрсеткішін арттыру қажет",- деді С.Нокин бүгін Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 29 млн. шаршыметр жекеменшік баспана салынатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында жекеменшік баспананың құрылысын қаржыландыруды арттыру керек, деп хабарлады Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Серік Нокин.

"Жекеменшік баспана құрылысының көрсеткіші мен көлемін сақтау үшін, жоспарланып отырған "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында осы бағытты қаржыландыру көрсеткішін арттыру қажет",- деді С.Нокин бүгін Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Ол сондай-ақ, 2011 жылы жалпы құрылыс көрсеткішіндегі жекеменшік баспана құрылысының үлесі 55 пайызды құрғанын атап көрсетті.

Оған қоса, 2013 жылдан бастап инженерлік желілердің құрылысына жыл сайын 60 млрд. теңге қарастырылып отыр. 2012-2020 жылдары аталмыш бағытқа барлығы 531 млрд. теңге қаражат қажет.

Айта кету керек, Бағдарламаның соңына қарай, 29 млн. шаршыметр жекеменшік баспана пайдалануға берілетін болады, яғни жылына орта есеппен 3,2 млн. шарршыметр баспана іске қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны