06.03.2012, 15:07 3521

"Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар үшін салынатын баспананың 1 шаршы метрінің құны 70 мың теңге деңгейінде белгіленді

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан үкіметінде таныстырылған "Қолжетімді баспана" бағдарламасының тармақтарын түсіндіру кезінде ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігініңтөрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар үшін салынатын баспананың 1 шаршы метрінің құны 70 мың теңге деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан үкіметінде таныстырылған "Қолжетімді баспана" бағдарламасының тармақтарын түсіндіру кезінде ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігініңтөрағасы Серік Нокин мәлім етті.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жалға берілетін баспана құрылысы мәселесіне тоқталып өткен С.Нокин аталған құрылыс жұмыстары республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге қаражат құю есебінен жүзеге асатынын хабардар етті. Оған сәйкес жергілікті атқару органдары баспана құрылысын кезекте тұрғандардың келесі санаттары бойынша ұйымдастырады: ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, халықтың әлеуметтік-осал тұсы (2 санат), мемқызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, жалғыз ғана үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар.

Қазіргі уапқытта кезекте тұрғандар үшін 1 ш.м. баспана құрылысының құны 70 мың теңге деңгейінде белгіленіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны