17.01.2011, 15:05 3691

Конституциялық Кеңес референдум өткізуді қарастыратын парламент қабалдаған Конституцияға енгізілетін түзетулерді бір ай мерзімде қарайтын болады

Қазақстанның Конституциялық кеңесі қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізуді қарастыратын парламент қабалдаған Конституцияға енгізілетін түзетулерді бір айдың ішінде қарап бітіруге тиіс. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне КК баспасөз хатшысы Гүлнәр Байгелді хабарлады.

Астана. - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның Конституциялық кеңесі қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізуді қарастыратын парламент қабалдаған Конституцияға енгізілетін түзетулерді бір айдың ішінде қарап бітіруге тиіс. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне КК баспасөз хатшысы Гүлнәр Байгелді хабарлады.

Г. Байгелдінің хабарлауынша, бүгін ҚР Конституциялық кеңесі ҚР Президентінің ҚР Парламенті қабылдаған "ҚР Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін өндіріске алды.

"Өтініш бір ай ішінде қаралатын болады",- деп нақтылап өтті ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, 14 - қаңтар күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдаған болатын.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, осылайша парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаған болатын.

Көпшілік даусымен Парламент Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламент Президенттің ветосын еңсеріп отыр. Бірлескен отырыста Парламент депутаттары заң жобасын қабылдауға бірауыздан дауыс берді. Сондай-ақ, жиын барасында жасалған ұсынысқа сәйкес Конституцияның 46-бабы, 4-тармағындағы "Қазақстанның Тұңғыш Президенті" деген сөздерден кейін "Елбасы" деген сөзбен толықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны