17.09.2007, 18:29 2844

"Контрафакт" жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Алматы облысында 2,5 мың лицензиясыз диск тәркіленген

"Контрафакт" жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Алматы облысында 2,5 мың лицензиясыз диск тәркіленген.

Талдықорған. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Контрафакт" жедел-профилактикалық шаралар барысында Алматы облысында жалпы құны 1 миллионға жуық теңгені құрайтын 2,5 мың лицензиясыз дискілер тәркіленді. Бұл туралы Алматы облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, криминалдық полицияның жедел қызметкерлері облыстық әділет департаментінің жұмысшыларымен бірлесе отырып, облыс аумағында орналасқан дыбыс және бейнеөнімдерін сататын 85 орынды, жалға беретін 77 орынды, 50 компьютерлік клуб пен 16 интернет-кафелерді тексерген. Баспасөз қызметінің нақтылауынша, лицензиясыз дискілердің ең көп топтамасы, 284 дана диск Талдықорғанда орналасқан "Назар" дүкенінен тәркіленген.

"Бақылаудағы сатып алу әдісі бойынша жүргізілген рейдтер лицензиясыз өнімді сатудың 24 дерегі мен порнографиялық мазмұндағы фильмдерді тартудың екі дерегін анықтаған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Олар порнографиялық мазмұндағы барлығы 9 дискінің тәркіленгендігін де атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында кабельді телевидениені заңсыз пайдалануды анықтау мақсатында коммерциялық телехабарларды тарату қызметін көрсететін фирма-операторлар мен осы салада жұмыс істейтін әртүрлі компанияларға тексеру жүргізілген.

"Қазіргі уақытта барлық анықталған деректер бойынша өнертану сараптамасы жүргізілуде, соның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңға сәйкес процессуалдық шешімдер қабылданатын болады",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны