03.04.2012, 13:42 4014

Көп пәтерлі тұрғын үйлер I тетік бойынша жүзеге асырылады

2013 жылдан бастап тұрғын үйлерді жөндеу әкімдіктің уәкілетті ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлады Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин Үкіметте ТКШ жаңғыру бағдарламасына қарастырылған өзгертулерді таныстыра отырып.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Көп пәтерлі тұрғын үйлер I тетік бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдан бастап тұрғын үйлерді жөндеу әкімдіктің уәкілетті ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлады Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин Үкіметте ТКШ жаңғыру бағдарламасына қарастырылған өзгертулерді таныстыра отырып.

Қазіргі бағдарламаға сәйкес, көп пәтерлі тұрғын үйлер екі тетік бойынша, атап айтқанда аймақтық ұйымдар - әлеуметтік-кәсіпкерлік кәсіпорындар және әкімдіктің уәкілетті органдары - ЖШС және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар арқылы қайтарылатын негізде бюджет қаражаты есебінен жөнделеді.

"Жалпы алғанда, бұл тетіктер бір-біріне ұқсас. Тек жөндеу жұмыстарын жүргізетін субъектілер, жұмыс түрлері мен тұрғындарға қаражаттарын қайтару мерзімдерінде ғана ерекшеліктер бар. 2013 жылдан бастап тұрғын үйлер республикалық бюджеттің қаражаты есебінен уәкілетті органдардың күрделі жөндеу жүргізуі негізінде бір тетік бойынша жүзеге асырылады деп күтілуде", - деді Үкімет отырысында ТКШ бағдарламасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды таныстыра отырып С.Нокин.

Тапсырыс беруші болып табылатын жеке пәтер иелері кооперативі мен әкімдіктің уәкілетті органы - ЖШС арасында келісімшарт жасалады деп жоспарлануда. Пәтер иелерінің жалпы жиналысымен келісе отырып, ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігерді тартады. Пәтер иелері ПИК-ке (пәтер иелерінің кооперативі) бастапқы жарна салады, ол қаражат кейін әкімдіктің уәкілетті органы жүргізетін жөндеу жұмыстарын төлеу үшін пайдаланылады. Келісімшартта бекітілген мерзім ішінде пәтер иелері ай сайын жинақ ашқа салып отырады, кейін ол қаражат бөліп төлеу негізіндегі ЖШС-ға төленген қаржы болып есептелінеді.

"Болашақта, яғни салынған қаражатты заң бойынша қайтару тәжірибе жүзінде іске асырылғанда, бұл тетік бизнес үшін тартымды болады. Осылайша кәсіпкерлік құрылымдар мемлекеттік ЖШС-лар рөлін атқаратын болады", - деп мәлім етті отырыс барысында С.Нокин.

Тағы бір ерекше айта кететін жайт, тұрғын үйлерді жөндеудің осы тетігін жүзеге асыруда әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны