08.06.2016, 23:39 8348

Корея Республикасыныӊ дәрігерлері Қарағанды облысыныӊ тұрғындарын тегін қабылдауда

Сондай-ақ, баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, 4 және 9 маусым аралығында жетекші клиникалардыӊ 63 білікті маманынан құралған корей дәрігерлерініӊ делегациясы Қарағанды өӊірі тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуді тегін жүргізеді.

Қарағанды. 7 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков 6 маусымда Корея Республикасыныӊ Дегу қаласы мэриясыныӊ өкілдері - Хонг Сок Джун, Сон Хё Джу, Пак Сонг Минмен кездесті, деп хабарлайды әкімніӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, кездесу барысында, атап айтқанда, денсаулық сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды өӊірінде емдеу-аурудыӊ алдын алу ұйымдарын заманауи медициналық құрал-жабдықпен жабдықтау, кәсіби білікті мамандармен қамтамасыз ету және күнделікті іс-тәжірибеге диагностика мен емдеудіӊ озық технологияларын енгізу үшін қолдан келгенніӊ бәрі жасалуда", - деп хабарлайды әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, 4 және 9 маусым аралығында жетекші клиникалардыӊ 63 білікті маманынан құралған корей дәрігерлерініӊ делегациясы Қарағанды өӊірі тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуді тегін жүргізеді.

"Бұл науқан корейлік және қазақстандық дәрігерлер арасында медициналық тексеру, емдеу, диагностика салаларында ұзақ мерзімді серіктестік байланысты дамытуға, сондай-ақ, Қарағанды және Дегу (Корея) қалалары арасында дәрігерлік тәжірибемен бөлісуге, түрлі ауруларды емдеудіӊ инновациялық әдістемелерін зерделеуге, Қазақстан мен Оӊтүстік Корея арасында медициналық туризмді дамытуға бағытталады", - деп қорытындылайды баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны