Қорғас шекара отрядыныӊ әскери қызметшісі өртенген балабақшадан адамдарды құтқарды
Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қорғас шекара отрядына қарасты "Нұр жолы" шекаралық бақылау бөлімініӊ әскери қызметшісі, 23 жастағы Нұрақынов Ерден Мұратбекұлы бейбіт күнде ерлікке парапар іс жасаса да, онысына өзі мән бермепті. Ол туралы бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілер арқылы ғана белгілі болды.
Оқиға былай болыпты. 2019 жылдыӊ 16 қаӊтарында Жаркент қаласындағы Пушкин көшесінде орналасқан "Марат" балабақшасында аяқ астынан өрт шыққан. Кешкі сағат 17 мен 18-діӊ арасы. Балабақшадан сәбилерін алып кетуге ата-аналар келе бастаған қарбалас шақ. Өрт лезде күшейіп, ғимарат қою түтінге оранған. Дәл осы кезде 2088 әскери бөлімініӊ әскери қызметшісі Ерден Нұрақынов жақын жерден өтіп бара жатып, өртті байқап қалады. Ойлануға уақыт жоқ, шекарашы өртенген үйге қойып кетіп, еӊ алдымен ас бөлмесіне кіріп, үстел үстіндегі пышақты ала салып газ плитасыныӊ шлангісін қиып, газ толған баллонды далаға алып шығады. Демін тереӊ ала салып, қайтадан ғимаратқа кіріп электр трансформаторын тоқтатады. Одан әрі қарай түтін арасында сасқалақтаған ата-аналар мен бабаларды жалынға оранған балабақшадан шығара бастаған. Келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті жарты сағат ішінде ауыздықтады. Өртенген ғимараттан құтқарылған адамдардыӊ саны 79, олардыӊ 59-ы сәбилер болатын.
Бірнеше күн өткенде әлеуметтік желілерде ата-аналар мен балабақша қызметкерлері Ерден деген шекарашы жігітке алғыстарын жаудыра бастаған кезде ғана бұл жігіттіӊ ерлігі туралы белгілі болды. Ерден өзін ерлік жасадым деп ойламайды. Бар ойы тек сәбилерді құтқару ғана болғандығын, оныӊ орнында болған кез-келген еркек осылай жасайтындығын айтып өтті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда
Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқаруда", - деді Серік Шумаев.
Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет - қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі", - деп атап өтті спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда 31 желтоқсан қалай аталып өтеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Дрон курьер ретінде: Алматыда пилотсыз жеткізу жобасы іске қосылады
Меморандумға қол қою мемлекеттің ұшқышсыз технологиялар мен заманауи логистикалық сервистерді дамытудағы жүйелі тәсілін көрсетеді. Пилоттық жобалар технологияларды нақты жағдайда сынауға, қажетті нормативтік шешімдерді пысықтауға және осындай қызмет түрін әрі қарай кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымыз үшін қуаныштымыз және бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл серіктестік ұшқышсыз технологияларды азаматтардың күнделікті өміріне енгізуге мүмкіндік береді, жеткізу процесін жылдам әрі тиімді етеді", - деді Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Ли.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ыстанбұлда қазақ музыкасының кеші өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Сақ стилі" жаңа сериясынан номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығару туралы
- көкте қалықтаған құспен "Бәйтеректің" бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің әшекейі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы;
- артефакт - Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б.з.д. 8-7 ғғ., ШҚО).
- ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;
- негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:
- "Қалқан" - құндылықтар қорғанын білдіреді,
- ежелгі символ - дүниенің төрт құбыласы,
- ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген. - банкноттың ортасында қазақи "шексіздік" ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде "Мұзтау" тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Иранда Қазақстанның мәдени кеші өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бас прокуратура телефон алаяқтары мен олардан қорғанудың жаңа әдістері туралы ескертеді
- мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды;
- ақша аудару үшін "қауіпсіз шоттар" жоқ;
- күдікті қоңыраулар кезінде абай болыңыз, деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- күмән туындаған жағдайда дереу банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарласыңыз;
- кибергигиена ережелерін сақтаңыз: тек ресми қосымшалар мен қызметтерді қолданыңыз, сілтемелер мен хабарламаларды тексеріңіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Масқатта Қазақстан мен Оман арасындағы өзара ынтымақтастықтың даму басымдықтары мен нәтижелері таныстырылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.12.2025, 19:40Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады 30.12.2025, 10:14 76371Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті29.12.2025, 21:42 75596Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде29.12.2025, 09:02 715862026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі29.12.2025, 18:13 70201Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
17.12.2025, 17:47 231936Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227461Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225741Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222751Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213726Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

