24.01.2019, 19:15 11836

Қорғас шекаралық бақылау отрядыныӊ аумағында мемлекеттік шекарадан бөтен құжатпен өтпек болған 37 жастағы қазақстандық азаматша ұсталды

Шекарашылардыӊ күдігі расқа айналды. Шекарашыларға 33 жастағы Шолпан болып танысқан келіншек, шын мәнінде оныӊ 37 жастағы туған әпкесі Айман болып шықты (есімдері өзгертілген).

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қорғас шекаралық бақылау отрядыныӊ аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығына бөтен құжатпен кірмекші болған 37 жастағы қазақстандық азаматша ұсталды.

Тексеруге ұсынған құжаты бойынша 1985 жылы туған Шолпан, бір қараған адамға ешқандай күдік келтірмейтін еді. Түр-әлпеті құжаттағы суретке келіӊкірейді. Міне, осы - "келіӊкірейді" - деген анықтамада "гәп" бар еді. Шекарашылардыӊ күдігі расқа айналды. Шекарашыларға 33 жастағы Шолпан болып танысқан келіншек, шын мәнінде оныӊ 37 жастағы туған әпкесі Айман болып шықты (есімдері өзгертілген). Бөтен құжат көрсетуініӊ себебі - оған елден шығуға тыйым салынған екен. Ішкі істер органдары хабарланды.

Тағы да осы тексеру пункітініӊ шекара наряды кеше кешкілік (сағат 18.30-дар шамасында) Орталықтыӊ аумағын аралап жүріп автокөліктер тұрағыныӊ маӊынан 8 қорапқа салынған, жалпы салмағы 180 кг-ға жуық Қытай дәрі-дәрмегін тауып алды. Ешқандай құжатсыз жүктіӊ, әдеттегідей, иесі табылған жоқ, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны