05.02.2020, 18:41 10551

Коронавирус жайлы бәрі білуге тиіс деректер

Инкубациялық кезең - 2 күннен 14 күнге дейін.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Коронавирус жайлы бәрі білуге тиіс деректер

Коронавирус инфекциясы дегеніміз не?

- коронавирус - бұл 2019-nCoV деп аталатын вирустық инфекцияның жаңа түрі;

-жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруын тудырады, өкпе қабынуы асқынып, өлімге әкелуі мүмкін;

- 2019 жылы Қытайда, Ухань провинциясында анықталды;

- вирустың басқа елдерге сапар немесе саяхат шеккенде таралады;

- вирус жылдам тарайды;

- 27 елде коронавирус жұқтырған 20 630 оқиға тіркелген, оның 427-і өліммен аяқталған. Бұлардың басым бөлігі Қытайда орын алған.

- ҚХР-да 5974 оқиға тіркелген;

- Хубей провинциясының 15 қаласында карантин жарияланып, тұрғындарға қаладан кетуге тыйым салынған;

- автобус, поездардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды;

Коронавирустың белгілері:

- дене қызуының көтерілуі

- тұмау

- бас ауруы

- жөтел

- тамақ ауруы

- әлсіздік

- іш өту

* иммундық жүйесі әлсіз әрі төмен адамдарда жиі кездеседі, сәбилер мен қарттар да сырқатқа ұшырауы мүмкін.

Инкубациялық кезең - 2 күннен 14 күнге дейін.

Диагностика

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест-жүйелері қолданылуда. Ол үшін:

- қанның анализі

- несеп анализі

- зертханалық зерттеулер

- ПТР тапсыру қажет.

Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

- көбінесе ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа арқылы таралады

- тұрмыстық байланыс арқылы -бұл жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)

Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Профилактикалық шаралар:

- қол және тыныс алу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотониялық ерітіндімен жуу;

- иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;

- бөлмені желдету;

- жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;

- катаралдық құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау;

- коронавирус жағдайлары тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;

- адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны