23.03.2020, 23:13 7902

Коронавируспен күресу үшін бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыларын аударуға мәжбүрлеген әрекеттерге шағымданған хаттар түсуде

Коронавируспен бірлесіп күресу үшін қаражат жинауға тек ірі бизнес өкілдері ғана шақырылды. Оның ішінде, көмек қолын созуға өздері ниет білдірген, ең бастысы, оған қаржылай мүмкіндігі барлар ғана жұмылдырылды.

Алматы. 23 наурыз. Kazakhstan Today -""Nur Otan" партиясына бірқатар облыстардан коронавируспен күресу үшін бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыларын аударуға мәжбүрлеген әрекеттерге шағымданған хаттар келіп түсті.

"Nur Otan" партиясы мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы. Керісінше, дәл қазіргідей қиын жағдайда бастарын қатерге тігіп, алдыңғы қатарда тұрған дәрігерлерге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ, жұмыстарын қашықтан істеуді жалғастырып жатқан мұғалімдерге қолдау көрсету қажет.

Коронавируспен бірлесіп күресу үшін қаражат жинауға тек ірі бизнес өкілдері ғана шақырылды. Оның ішінде, көмек қолын созуға өздері ниет білдірген, ең бастысы, оған қаржылай мүмкіндігі барлар ғана жұмылдырылды. Егер сіз жұмыс беруші тарапынан осындай заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, бізге төменде көрсетілген байланыстар арқылы дереу хабарлауыңызды өтінеміз", деп хабарлайды партия.

Call-орталық: 8 800 080 44 41

Электронды пошта: [email protected]

WhatsApp: 8 700 800 44 41

Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100034706720426

Instagram: https://www.instagram.com/halykkakomek/

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны